13 жасар чемпион

669

0

Қазір Жапония  алған жүлде санынан жалпы коман­далық есепте көш басында келеді. Күншығыс елінің жастары күнбе-күн медаль олжалап, өзгелерге дес берер емес. Тіпті, олардың арасында балалық жастағы өрендер бар.  

Солардың бірі – Момидзи Нисия небәрі 13 жаста, ол скейтбордингтен топ жарды. Чемпион тұғырынан көрініп, өзінің жалауын көкте желбіретті. Десе де, ол бұл жөнінен рекордтық көрсеткішке түзету ен­гізе алған жоқ. 1936 жылғы Олимпиадада суға секіруден чемпион атанған америкалық Марджори Гестринг сол уақытта оның жасы 13 жас 268 күн болған еді. Бұл рекордты биыл бразилиялық скейтбордшы Райсса Лил жа­­­ңартуы әб­ден мүмкін еді. Ол соңғы сәтте жапон қызына есе жіберіп, кү­місті қанағат тұтты. Екі жыл бұрын 11 жасында әлем чемпионатында екі жүлде алған-ды.

Олимпиада бағдар­лама­сына биыл қосылған скейтбордингтен бақ сы­на­ған 8 спортшының үше­уінің ғана жасы 20-дан асқан екен. Дегенмен, ең жас чемпион жа­йында түрлі жорамалдар айтылады. 1900 жылы академиялық ескек есуде жеңімпаз тұ­ғырынан кө­рін­ген Марсель Де­пайе сол уа­қытта не­бәрі 10 жаста бол­­ған ­де­седі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<