Оңтүстік Кореяда маска тағу режимі күшейді

981

0

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде коронавирустың таралуына байланысты маска тағу режимі күшейді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

24 тамыздан бастап, Сеул тұрғындары қоғамдық орындарда маска тағуға міндетті.

Қала билігінің мәліметіне сәйкес, соңғы 10 күнде Оңтүстік Кореяда COVID-19-ды жұқтырудың жаңа 2,6 мың дерегі тіркелген. Сеул мэриясы қала тұрғындарын маска тағып жүруге міндеттеді. Масканы тұрғындар тек тамақтанғанда шешуге рұқсат беріледі. 

Сондай-ақ, сеулдықтар масканы көлік және қоғамдық орындармен қатар ғимараттың ішінде де тағып жүруі керек.

«13 мамырдан бастап, тұрғындар қоғамдық көліктерде маска тағып жүрді. Осылайша, олар бізге қолдау көрсетті. Осы жолы да олар сақтық танытып, әлеуметтік жауапшершілікті сезініп, жаңа тәртіпті сақтайды деген үміттеміз», – дейді Сеулдің жаңа мәрі Со Чжон Хеба.

Сонымен қатар, Кенгидо және Чхунчхон-Пукто провинцияларында маска тағу режимі күшейді.

Ақпарат агенттігінің мәліметінше, 14 тамыздан бастап, Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтыру дерегі артқан.

Соңғы мәліметке сәйкес, елде 17 655 адам COVID-19 жұқтырған. 14 219 науқас айықса, 309 адам қайтыс болған.

Фото: euronews.com

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<