Аққұмдағы Ақмарал

696

0

Жалағаш ауданындағы Аққұм ауылының тіршілігі өзгелерге үлгі. Мұнда мүлгіген тыныштық жоқ. Жеке кәсіпке бет бұрғандар көп. «Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдауға ие болған Ақмарал Жұмабаеваның да жобасы бүгінде бүтін бір ауылдың қажетіне жарап тұр.

Кондитерлік өнім өн­діретін цех ашуды көздеген ол былтыр қай­тарымсыз қаржыға ие бол­ған, тұтынушылары жет­кілікті. Идеясын игілікке айналдырған Ақмарал бұл ретте тірек елді мекеннің еңсесін тіктеуді көздеген ауыл басшылығына алғыс айтады. Себебі, ол бұған дейін де үйде отырып, сүйікті ісін табыс көзіне айналдыруға тырысқан. Алайда, уақытты үнемдейтін за­манауи құрал-жабдықтардың жоқ­тығы қол­байлау болыпты.

– Алғашқыда «2 мың халқы бар ауылда кәсіптің бұл түрімен айналысудың тиімділігі бола ма?» деген ой мазалады. Бірақ, күдік сейілді. Комиссия мүшелері алдында жобамды сәтті қорғап шықтым. 555 600 теңге көлеміндегі қар­жылай қолдау қолға тиген бойда қажетті құрылғыларды сатып алдым. Алға ұмтылу арқылы ойдағы мақсатқа қол жеткізуге болады. Мен секілді іс бастап, ауылды өркендетуге күш салуға асық жастар көп. Бастысы, оларға бағыт-бағдар, істі нөлден бастауға көмек берілуде. Тек ниет керек, – дейді кәсіпкер.

Ақмарал күніне кем дегенде 10-15 тортқа тап­сырыс алады екен. Ал, мере­кеде сұраныс тіпті көбейеді.

– Торттың өзінің он шақты түрін әзірлеймін. Бағасы 2 мыңнан 7-8 мың теңгеге дейін барады. Сапаға көп көңіл бөлемін. Тұтынушылар риза, осыған қарап, марқайып қаламын. Бұл – мен үшін үлкен мотивация, – дейді ол.

Қазір Ақмаралға жолдасы Жасұлан Бейсенбаев қол­ғабыс етуде. Отбасылық биз­несті дамытуды көз­деген жастар алдағы уақытта мұнан да ауқымды істерді жүзеге асыруға ниетті

Айбарша СЫРЛАН

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<