Аралдықтар Қазалы ауданына шөп тасымалдауда

140

0

Осыған дейін ауданымызда орын алған қуаңшылық жағдайына сәйкес малы аралас, қойы қоралас жатқан көршілес Қазалы ауданы аралдық ағайындарға көмек беру мақсатында шабындық жерлерді ұсынып, өзара келісім жасалғандығы жайлы айтқан болатынбыз.

Нақтырақ айтқанда «Сыр Маржаны» ЖШС-нің төрағасы Мінәжадин Өтеев өздеріне қарасты Көларық ауылдық округінде орналасқан 10 гектар күріш алқаптарынан пішен шөбін оруға көмек қолын созғанды.

Берілген көмекке сәйкес ауданға қарасты Ақирек ауылдық округінен мал шаруашылығымен айналысып отырған 5 отбасы шөп ору жұмыстарына аттанып, бүгінде шауып алған 2000 бау пішен шөбін тасымалдауға кірісті.

Қазір аталған алқапта шөп ору жұмыстарына тағы 3 отбасы қалып, қажетті мал азығын дайындауға жұмыс жасауда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз