Аудан әкімі тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға барды

578

0

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Әйтеке би кентіндегі тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғынның отбасына арнайы барып, жағдайымен танысты.

Бұл үйде ІІ топ мүгедегі Жарас Бақбергенов өзінің отбасымен тұрады. Өрттің салдарынан тұрғын үйдің төбесі жанып кеткен. Сонымен қатар, үйдің ішіндегі пайдаланып отырған заттар да жанып кеткен. Оның ішінде Жарас Бақбергеновтің пайдаланып отырған аса қажетті бұйымдар да бар. Осыған үй иелері аудан басшысы Мұрат Ергешбаевқа бірінші кезекте Жарас Бақбергеновке қажетті заттар алып беру туралы өтініш айтты. Сонымен қатар, үйді қайта салуға көмек көрсетуді сұрады.

Өз кезегінде аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ІІ топ мүгедегі Жарас Бақбергеновке қажетті заттармен қамтамасыз етуді аудандық әлеуметтік бағдарламалар, жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Совет Бабанаевқа тапсырды. Сондай-ақ, тілсіз жаудың құрбанына айналған отбасыны уақытша баспанамен қамтамасыз ету жағын қарастыруды тапсырды.

Айта кетейік, кеше кешкілік Әйтеке би кенті, Қазыбек би көшесі №7А үйден өрт шығып, өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің көмегімен дер кезінде сөндірілген болатын.

Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<