Ауыл тұрғындары кәсіпке ұмтылуда

342

0

Қармақшы ауданын қарасты ІІІ Интернационал ауылдық округі бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында өткен жылы 10 азамат 5556.0 мың.тг кайтарымсыз қаражат алған болатын.

Осы ретте ауыл әкімі Н.Сайымов алынған қаржының мақсатты игерілуін қадағалау мақсатында «Нан өнімдері» бойынша Н.Қамбаровамен, «Тері өңдеу» бойынша Д. Садықовамен және «Тауық шаруашылығы» бойынша Д.Саукеевпен кездесіп, ұсыныс пікірлерін тыңдады.

Аталған азаматтар қаражаттарына толық керекті заттарын алып, қазіргі таңда өз кәсіптерін бастауда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<