Beeline Қызылордадағы жолақыға 50% жеңілдік сыйлайды

549

0

7 қыркүйектен бастап Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтары Beeline сервисінің арқасында, қоғамдық көлікте 50% жеңілдікпен жүре алады.

Бұл шарт қыркүйектің соңына дейін қалалық 1, 2, 11, 14, 17 және 18-автобус бағыттарында Менің Beeline-ым мобильді қосымшасында QR-кодпен және SMS хабарлама арқылы төлегенде беріледі.

Төлеу нұсқалары:

  1. Менің Beeline-ым мобильді қосымшасы: басты бетте «Көлік» бөлімін таңдап, көлік кодын енгізу керек немесе QR-кодты сканерлеу қажет. «Төлеу» пернесін басып, содан соң билетті алу үшін, «Билет алу» пернесін басу керек. Оған қоса электронды билет 2505 нөмірінен SMS-хабарлама түрінде келеді.
  2. SMS-хабарлама: жолақы төлеу үшін көлік коды көрсетілген SMS хабарламаны 2505 нөміріне жіберу керек. Қолданушы жауап ретінде электронды билетті SMS-хабарлама түрінде алады, оны контролерге көрсетуге болады. SMS жіберу тегін.

Көлік коды мен QR код автобустардың салонындағы жапсырмаларда. Жолақы төлеген кезде теңгерімнен жолақы толық ұсталып, 45 теңге cashback теңгерімге қайта қайтарылады.

«Қызылордада абоненттерімізге жеңілдікпен жүруге мүмкіндік беретін акция басталғанын қуана хабарлаймыз. Бұл – жолақыны телефон теңгерімінен төлеп көрудің тамаша мүмкіндігі – қарапайым әрі ыңғайлы. Сонымен қатар, жолақы жанаспай және қауіпсіз төленеді, жолаушыға ақша купюралары мен тиындарды ұстау қажет болмайды», – деді Beeline Қазақстанның Сату және өңірлік даму бөлімінің басшысы Анастасия Ли.

«Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасын алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесінің барлық клиенті Android және iOS мобильді платформаларында қол жеткізе алады.

Толық ақпарат: www.beeline.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз