Бейнебақылау камералары орнатылды

1042

0

Жосалы кентіне 40 дана бейнебақылау камералары орнатылды.
Бейнебақылау камералары көшелерде тұрмыстық қалдықтарды, күл-қоқыстарды белгіленбеген жерге заңсыз төгуге тыйым салу мен бақылау үшін орнатылған.

Сонымен бірге ол көлік қозғалысы мен аулалардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Орнатылған бейнекамералар Жосалы кенті әкімі аппаратына тиесілі. Жыл соңына дейін олардың санын тағы да көбейту көзделген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<