Дара тұлғаға тағзым

397

0

10 тамыз – Абай күні. Осы орайда, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласындағы «Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар» мектепке барып, Абай ескерткішіне арнайы гүл шоғын қойып, тағзым етті. Шараға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев қатысты.

Өткен жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Ұлы ақынды ұлықтау арқылы хал­қымыз­дың ұлттық қадір-қасиетін, рухани-адам­гершілік құнды­лықтарын, әде­биетіміз бен мәде­ниетімізді әлемге тағы бір қырынан танытудамыз. Жас ұрпақ Абай мұрасын оқу арқылы тәлім мен тәрбие, ізгілік пен адал­дық қасиеттерін бойына сіңіруде.

Осы орайда облыстың мәдениет ұйымдарында онлайн форматта  түрлі мәдени-таным­дық шаралар өткізілуде.

Атап айтсақ, «Абай әлемі» атты ардагерлердің облыстық өнер фестивалі, «Көзімнің қара­сы» атты облыстық өнер байқауы, «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты әдеби музыкалық кеш, «Абай әлемі» атты Абай әндерінен концерт, «Кемеңгерліктің биік шыңы Абай» атты көр­кемсөз оқушылардың аудан­дық байқауы, «Абай – дана, Абай – дара қазақта!» атты поэзия сағаттары, облыс кітап­ханаларында «Ұлы даланың ұлы ойшылы», «Шын Хәкім, сөзің асыл  – баға жет­пес», «Ұлы Абай – ұлттық бол­мы­сы­мыз­дың айнасы, «Абай жаққан шамшырақ» та­қы­рыптарында кітап көрме­лері, әдеби жыр кеш­тері ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, облыстық филар­монияның «Қорқыт сазы» қобыз­шылар ансамблі мен дәс­түрлі орындаушылардың «Абай аманаты», облыстық халық шығар­машылығын да­мыту және мәдени-про­дю­серлік орталы­ғының ұйым­дас­тыруымен Сыр еліндегі жыр мектептерінің шәкірт­тері мен ұстаздарының қаты­суымен «Абай жырлары – Сыр мақамдарында» атты кон­церттері мереке мазмұнын байыта түсті.

Ә.Тәжібаев атындағы об­лыс­­­тық әмбебап-ғылыми кітап­­хана қызметкерлері мен бар­лық облыс кітап­ха­на­­шылары Абай шығар­ма­ла­рын жас ұрпаққа дәріптеу мақ­­са­тында тамыз айының 3-нен бастап «Абайды оқы, жалықпа!» тақы­рыбында оқу челленджін өткізді.

Абай күніне арналған ша­ралар барлық мәдениет ұйым­дары, басқарманың әлеу­меттік желі­дегі парақ­ша­лары, «Сыр шаңы­рағы» Youtube каналына жариялануда.

Атап өту қажет, өңірдегі 4 білім беру ошағына, 86 көшеге Абай есімі берілген. Қызылорда қаласындағы Назарбаев даңғы­лының бойында орналасқан аллеяға Абай есімі беріліп, оның қара сөздері тасқа қашалып жазыл­ған. Ал, Абай ауылындағы мектеп ауласына бюсті, «Абай атын­дағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған ма­ман­дандырылған сыныптары бар» мектебінің ауласына ескерткіші орнатылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<