Демалыс күндері Қызылордада саябақтар жабылып, қоғамдық орындар жұмыс істемейді

892

0

Алдағы демалыс күндері Қызылорда қаласындағы қоғамдық орындардың қызметі тоқтатылады.

Коронавирус инфекциясының алдын алу бағытында Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы жедел штаб осындай шешім қабылдады. Бұл коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысындағы тапсырмаға сәйкес қолға алынып отыр. Қызылорда қаласындағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыз болуына байланысты осындай шешім қабылданды.

«Енді 20-21 маусымда саябақтар (Тұңғыш Президент паркі, қалалық темір жол вокзалы жанындағы, Б.Шөкенов атындағы және өзге де бақтар), жағалаулар мен аквапарктер, қоғамдық орындардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ, 65 жастан асқан азаматтардың көшеде жүруі шектеледі», – деді Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов.

Әділжан ҮМБЕТ.

ҚазАқпарат


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<