Әзірге орта өнім – 42 центнерден

679

0

Сыр диқандары берекелі күздің әрбір сәтін қалт жібермеуге тырысады. Қазір ала жаздайғы адал еңбектің өлшемі ретінде күміс дән қамбаға құйылып жатыр. Өңірде басты дақыл – күрішке орақ салу 26 тамыздан басталды. Екі аптаға жуық уақыт ішінде диқандар 4020 гектар алқапты орып, оның тең жарымына жуығын бастырып үлгерді. Әзірге орташа өнім  гектарына 42 центнерден айналып отыр.

Биыл жергілікті еңбеккерлер су тапшылығы салдарынан 83,6 мың гектарға күріш екті. Оның ішінде қазір 83,3 мың гектарының суы байланды.

Облыс бойынша 6,8 мың гектар күздік бидай толығымен жиналды. Ал 4,7 мың гектар жаздық бидайдың 4,4 мың гектарына орақ түсті. Оған қоса 3,8 мың гектар картоптың тең жарымына жуығы, 6 мың гектар көкөністің 84,6, 8,5 мың гектар бақша дақылдарының 83 проценті жиналды. Қазір мақсары және жүгері дақылдарын жинау жүргізілуде.

Облыстық ауыл шаруа­шылығы басқармасының мәліметінше, 188,1 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Егісті әртараптандыру бағытында жүгері 1569, соя 129, қант құмайы 71 гектарға егілді.

Сондай-ақ, мал азығын дайындауға мән беріліп отыр. Қазірге дейін ескі жоңышқаның екінші орымы аяқталып, нәтижесінде 201,5 мың тонна шөп дайындалды. Бүгінде жоңышқаның үшінші орымы жалғасуда. Ал 20551 гектар жаңа жоңышқаның 17,7 мың гектарына орақ түсті.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<