«Біз де алаңдап отырмыз»: Министр Қазақстанда бензин бағасының өсуі туралы пікір білдірді

381

0

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстандағы бензин бағасының өсуіне пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Шынында да, кеше бензин қымбаттады деген ақпарат келді. Мен соңғы үш жылдағы статистиканы зерттедім. Соңғы үш жылда 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін АИ-92 бензинінің бағасы 163 теңгеден 178 теңгеге көтерілген. Яғни, үш жыл ішінде 15 теңгеге өскенін байқаймыз. Бұл, әрине шамалы ғана өсім. Соған қарамастан бұл бізді алаңдатады», – деп жауап берді министр Үкімет отырысынан кейін журналистер қойған сұраққа. 

Энергетика министрлігінің басшысы қазір елімізде бензин бағасының өсуіне негіз жоқ екенін айтты.

«Бізде бензин қажетті мөлшерде өндіріледі және жөнелтіледі. Бүгінгі таңда елімізде бензин жағдайы аса тұрақты емес. Кешегі ақпараттан кейін біз ірі жанармай құю станцияларымен жұмыс істей бастадық. Қазір, ең алдымен, баға өсуінің неліктен болғанын түсінуіміз керек. Ешқандай себеп жоқ деп ойламаймыз. Бұл жұмысты бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіндегі әріптестерімізбен бірге жүргізетін боламыз.

Бензин мен жанар-жағармай бағасы тұтастай реттелмейтінін атап өткім келеді. Сондықтан біздің министрлік бағаны реттеуге жауап бермейді. Бірақ өзімізге берілген жауапкершілікті ескере отырып, бұл мәселемен айналысатын боламыз», – деп түйіндеді Мырзағалиев. 

Айта кетсек, қарашаға қарай Қазақстанда дизельден кейін бензин де қымбаттаған болатын. АИ-92-нің орташа бағасы 178 теңгеге дейін көтерілді.

https://stan.kz/biz-de-alandap-otirmiz-ministr-kazakstanda-benzin-bagas-355113/

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<