Ең жас сайлаушы таңдау жасады

423

0

Қарашеңгел ауылдық округіндегі №83 сайлау учаскесіне ең жас сайлаушы болып тіркелген, 18-ге жаңа толған жас ару – Оразбек Айбибі сайлауға алғаш рет қатысып, өз таңдауын жасады.

Жалаңтөсбатырлық бұрымды бұл күнді асыға тосқанын айтады.

«Мен алғаш рет сайлауға қатысып отырмын. Және ерекше сезімде болдым. Өйткені, осындай саяси додада таңдау жасау мен үшін үлкен жауапты сәт», – дейді саяси науқанда алғаш дауыс берген Айбибі.

Сайлауға алғаш рет қатысқан Айбибі Оразбекке N83 сайлау учаскесінің төрағасы Асылбек Нұрадинов бағалы сыйлық тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<