«Ихсан – рухани тәрбие негізі»

1937

0

«Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты жаңа кітап жарыққа шықты. Қазақстан Республикасы Дін істері комитеті мен Қазақстан мұсыл­мандары діни басқар­масының сараптау комиссия­сы мақұлдаған бұл кітапта рухани тәрбие негізі болып табылатын Ихсан ілімі жайлы сөз қозғалады. Әуелі Алла Тағаланы танудан бастап, жалпы мұсылманның тұлғалық тәрбиесі, қоғам алдындағы әдебі туралы айтылған аят-хадистер нақты мысалдармен көрсетілген туындының танымдық ма­ңызы зор. Жоба жетекшісі – Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

«Көптен жүрек түбінде жүрген ниетім орындалып, «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы оқырманға жол тартып отыр. Ерекше ынта-ықыласпен жазылған бұл еңбектің оқыр­манның рухани өмірі үшін пайдасы мол деп үміттенемін.

Аллаға шүкір, Тәуелсіздік жылдарында шариғат ілім­дерінің негізі болып саналатын сенім, фиқһ, тарих сынды салалар халқымыздың діни сара жолын нақ көрсете білді. Ендігі жерде бізге қажеттісі – рухани жан дүниеміздің өзегіне айналған тәрбие ілімі. Мұны біз Ихсан ілімі дейміз. Ихсан сөзі жақсылық жасау деген ұғымды білдіреді. Ал шариғаттағы ма­ғынасы кез келген ізгі амалды ең кемел түрде орындау дегенге саяды» деп жазылған кітаптың алғысөзінде.

Осы кітаптың бірі облыстық «Сыр бойы» газеті редакция­сына табысталды. ҚМДБ Қы­зылорда облысы бойын­ша бас имамы Болатбек Ұлас­қан­ұлы кітапты ұсына отырып:

– Ізгілік пен көркемділікті насихаттаушы асыл дініміз қашан да адам баласын барлық жағынан тәрбиелеп келеді.

Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) да өз өсиет­терінде адамның ең биік дұшпаны нәпсісі екенін ес­кертіп, бойдағы жағымсыз, жа­ман қасиеттерді тәрбиелеу керектігін көп насихаттаған.

Абай атамыз бір сөзінде: «Егер де есті кісілердің қата­рында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ақыретке, не дүниеге жарамды, күніңді өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің?» – деп адам баласын өтіп бара жатқан өз өміріне үңілуді өсиет еткен.

«Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы оқыр­ман жү­ре­гіне жол тауып, хакім Абай көрсеткен толық адам концепциясын қалып­тас­ты­руға өз септігін тигізе алатынына сенімдімін, – деп лебіз біл­дірген.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<