«Mad Men» тобының мүшелері 15 жылға дейін сотталуы мүмкін

458

0

Алматы Полиция департаменті есірткі өндіріп, сатумен айналысты деген күдікпен ұсталған Mad Men Q-pop тобының мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қандай бап бойынша тергеліп жатқанын хабарлады. 

Полиция департаментінің хабарлауынша, ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі  «Алдын-ала сөз байласу арқылы бір топ адамның есірткі, психотроптық және сол тектес заттарды заңсыз әзірлеу, қайта өңдеу, сақтау және сату мақсатында тасымалдау» бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұл бап бойынша мүлкін тәркілеп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Бұған дейін Алматыда есірткі сатумен айналысқаны үшін танымал топтың мүшелері ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Айқын.кз

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<