Мақсат сыбайлас жемқорлықты жеңу

453

0

Сыбайлас жемқорлық дүние жүзінің барлық елдерінде теріс құбылыс ретінде таныс. Экономиканы қарқындатуға  сыбайлас жемқорлық құбылыстарын азайтқан мемлекеттер ғана қол жеткізеді. Мемлекеттік қызметшілердің де қарапайым халықтың да сыбайлас жемқорлыққа бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің және  халықтың білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер етеді.

Сондай-ақ, бұл үшін  билікте болудың қажеті жоқ. Мәселен,  Сіз жол қозғалысының ережесін бұздыңыз делік. Сізге әділ түрде айыппұл салғысы келді. Ең бірінші ойға келетін нәрсе: пара ұсыну. Міне, сіз өзіңіз бастамашы және сыбайлас жемқорлыққа қатысушы боласыз.  Айыппұлды төлеу арқылы сіз жолда абайлап жүретін боласыз. Келесі жолы да жол ережесін бұзбауға тырысасыз, бұл апаттық жағдайлардан да абай болуға көмектеседі. Ал айыппұл беру арқылы сіз бес минутта жол ережесін бұзғаныңызды ұмытып кетесіз және бұдан ары сізге қалай қайтып келетінін де білмейсіз. Сыбайлас жемқорлық біздің өміріміздің барлық саласына еніп кеткен, балабақшадан бастап университетке, аурухана, жұмыс және т.б. дейін. Сондықтан, сыбайлас жемқорлық туралы әңгіме бола қалса, әркім өзінен бастауы қажет.

Қазіргі кезде біздің елде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар заңға сәйкес өздерінің құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге міндетті.

Осы орайда,  қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру әлеуметтік жобасы аясында Сырдария ауданы әкімдігі, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Алимаш Мырзахметова,  «Қызылорда облысының жастар одақтары» қоғамдық бірлестігі және Сырдария ауданының прокуроры Ерлан Алмазұлы, Сырдария аудандық полиция бөлімінің бастығы Ибраев Нұрлан, «Nur Otan» Партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жақып Еркебұлан Төлепбергенұлы бірлескен меморандум жасалды.  

Меморандум аясында Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Қызылорда жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Сырдария ауданы тұрғындарына арналған сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін анықтау мақсатында әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

Аталған бағытта Сырдария ауданы әкімдігі, ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Қызылорда облысының жастар одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен сәуір айының 21-23 аралығында  ZOOM платформасы арқылы  онлайн кездесулер өтті.  Аталған онлайн кездесулерге, Сырдария ауданының барлық ауылдық округ қызметкерлері мен тұрғындары, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілі,аудандық барлық бөлімнің жауапты мамандары  қатысты.

Сондай-ақ, кездесулерге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің, (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қызылорда облысы бойынша департаменті жанындағы ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Б. Айтбенбетов қатысып, сыйбайлас жемқорлыққа қатысты 2020 жылы  күшіне енген заңдағы өзгерістер туралы ақпарат беріп, барынша мысалдар келтіріліп түсіндірмелер жүргізілді.  Аталған кездесулер барысында, көпшілік көкейінде жүрген сұрақтарға тиісті сала мамандары жан-жақты жауаптарын берді. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да үнемі жүргізіліп отырады.

Сондықтан, кез келген ортада сыбайластықты болдырмау үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Жұмабай Санжар,

Қызылорда облысының «Жастар Одақтары» ҚБ төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<