Облыстық «Дарын» орталығында жаңа басшы

1086

0

Қызылорда облыстық білім басқармасының бұйрығымен, 2021 жылғы 08 сәуірдегі конкурс нәтижесінде облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығы директоры лауазымына Айжан Қиянбекова тағайындалды.


Бүгін жаңа басшыны ұжымға облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Қиянбекова Айжан Тұрғанбекқызы 1982 жылдың 7 қарашасында Шиелі ауданы, Бидайкөл ауылында туған.
Білімі жоғары. Қызылорда «Сейхун» академиясының «тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы, Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университет «Экономика» факультетін бітірген.


Еңбек жолын Шиелі аудандық білім бөлімі түзілім кабинетінде әдіскер ретінде бастаған. Психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық консультацияда әлеуметтік педагог, Шиелі аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінде әдіскер қызметін атқарған. 2010-2013 жылдары «Қазатомөнеркәсіп-Демеу»ЖШС «Демеу-Шиелі» филиалы «Арман» мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, медико санитарлық бөлімінің азық-түлік тауарларымен жабдықтау жөніндегі агенті қызметінде жұмыс атқарған.


2015 жылдан осы кезеңге дейін Қызылорда облысының білім басқармасының балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған.

ҚР Президентінің Алғысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы, Алғыс хатымен марапатталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<