Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу басталды

957

0

Облыстық полиция департаменті ґкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Садықов Армения Республикасынан ґкелінген автокөліктерді тіркеуге қатысты брифинг өткізді.

– Бірінші, азаматтарымыздың осы жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан әкелген автокөліктерін есепке қою. Екінші, тіркеуді осы жылдың 1 маусымынан 1 қыркүйегіне дейінгі кезеңде жүргізу. Үшінші, тіркеуге тек басқару органы сол жақта орналасқан автокөліктер жатады. Төртінші, тіркеу үшін жасалатын төлемдер.
Үкімет үш төлеммен шектелу туралы шешім қабылдады. Тіркеу жинағы үшін 695 теңге, техникалық төлқұжат (техпаспорт) бажы үшін – 3 473 теңге, мемлекеттік нөмір бажы үшін – 7 778 теңге. Төлемдердің жалпы сомасы – 11 946 теңге, – дейді Н.Садықов.


Көлікті тіркеу үшін жеке басын куәландыратын құжат, мемлекеттік баждың есептік айлық көрсеткішінің 0,25% (11 946 теңге) мөлшеріндегі мемлекеттік тіркеу жинағы туралы құжат, Армения Республикасының уәкілетті органдары берген көлік құралдарының КҚТК және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі (МТНБ) керек. Мемлекеттік және орыс тілдерінен басқа тілде жазылған көлік құралдарын тіркеу үшін берілген құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылады. Міндетті түрде аударымның дұрыстығын растайтын нотариустың немесе осы іске құқылы басқа тұлғаның қолы болуы тиіс.


Сонымен қатар ерекше белгілеріне «ТСРА» және «Басқа тұлғаға тіркеуге жатпайды» деген жазба енгізіледі. Қазақстан Республикасында берілген көлік құралдарының КҚТК және МТНБ жоғалған жағдайда, жазбаша түрде жоғалу себебі көрсетіледі. МТНБ жоғалтқан кезде қайталама нұсқасы (дубликат) дайындау жолымен беріледі. Бірыңғай ақпараттық жүйесіне өзгерістер енгізілмейді.


Қазақстан Республикасына 2020 жылдың 1 ақпанынан кейін әкелінген жоғарыда аталған көлік құралдары, сондай-ақ Армения Республикасының уәкілетті органдары берген тіркелген құжаттарында иесі ретінде көрсетілмеген тұлғаға тіркелмейді.
Бүгінде өңірде Армения Республикасынан әкелінген 30-дан астам автокөлік тіркеуге алынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<