Күзде үздік мемлекеттік қызметші мен ауыл әкімі анықталады

491

0

Елімізде «Үздік мемлекеттік қызметші» және «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурстары өтуде. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басқарма басшысы Жасұлан Шынтасов конкурс шарттарымен таныстырды.

«Дәстүрлі «Үздік мемлекеттік қызметші» байқауы өңірлік және республикалық екі кезеңнен тұрады және дистанциялық форматта өткізіледі. Конкурсқа мемлекеттік қызметтегі өтілі бір жылдан кем емес, құжаттарды қарау кезінде алынбаған әкімшілік, тәртіптік жазалары жоқ қызметшілер қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін бекітілген нысандағы өтініш беріліп, сауалнама толтырылады. Қызметтік тізім мен «Неге мен үздік мемлекеттік қызметші атағына лайықпын?» тақырыбындағы мотивациялық эссе конкурстық комиссияға ұсынылады.

Ал, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үздік ауыл әкімі»республикалық конкурсы алғаш рет ұйымдастырылуда», – деді ол.

Байқау өңірлік және республикалық екі деңгейден тұрады. Байқау нәтижелері қыркүйек айында белгілі болады.

Сонымен қатар, конкурс барысында халықтың пікірі ескеріледі. Ол үшін облыс әкімдіктерінің ресми сайттарында жергілікті әкімнің тиімді жұмыс істеуіне халықтың қанағаттануын бағалау үшін сауалнама орналастырылатын болады.

Конкурстар туралы толық ақпаратты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігініңжәне облыс әкімдігің сайтынан, сонымен қатар 8/7242/705626 нөмірі арқылы білуге болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз