Сала үздіктеріне марапат

691

0

Кеше облыс ґкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Құрылысшы күні» кґсіби мерекесіне орай сала қызметкерлері мен ардагерлерін қабылдады.  Мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Құрметті құрылыс сала­сының қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жү­рек­тен құттықтаймын. Ай­ма­ғымыздың өсіп-өркен­деуіне, жаңаша серпін беретін құрылыс индустриясын дамытуда үлкен үлес қосып келесіздер. Өздеріңізге белгілі, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары табысты жүзеге асырылуда, – деді облыс әкімі. 

Соңғы жылдары Сыр өңірі қарқынды құрылыс алаңына айналды. Биыл облыста «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1406 пәтерді құрайтын 87 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бұл тұрғын үйлер жеке компаниялар есебінен жүргізілуде. Жыл соңына дейін 698 отбасы сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлермен қамтамасыз етіледі. Ал, 115 отбасына кредиттік тұрғын үй табысталатын болса, жеке компаниялар есебінен 156  пәтерлік 4 тұрғын үй ел игілігіне берілмек. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар аясында жыл аяғына дейін 969 пәтерлі 74 көпқабатты үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

«Бақытты отбасы» бағ­дарламасы бойынша әлеу­меттік аз қамтылған отбасыларын тұрғын үймен қамтуға биылғы жылы республикалық бюджеттен 3,1 млрд қаржы бөлінген. 2020 жылдың қоры­тындысымен барлығы 391,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, 45,3 ша­қырым жерге инженерлік-ин­фра­құрылымдық желілері жүр­гізіледі.

Облыс әкімі карантин уақы­тында да өңірде құрылыс жұмыс­тары тоқтамағанын айт­ты. Өз кезегінде сала ар­да­герлері Құралбай ­Базарбаев пен Манарбек Еспенбетов өңірдегі құрылыс саласының қарқыны жайында айта келе, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Жиында мерекеге орай бір­қатар құрылыс мекеме­ле­рінің басшылары облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Олардың қатарында «Промстройсервис-Е» ЖШС, «Астана Сервис ЛТД» ЖШС, «Авангард ПГС» ЖШС, «Интегрострой» ЖШС және «Стандарт Строй Сервис ЛТД» ЖШС құрылыс мекемесі бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<