Шиелілік өнімдер Ресей мен Қырғызстанға экспортталады

436

0

Шиелі ауданы өткен жылы 120 тонна күріш, 850 тонна қарбыз, 1005 тонна қауын және 351 тонна қызанақ дақылын Ресей және Қырғызстан елдеріне экспорттады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Шиелі ауданының әкімі Қамбарбек Мүбараков мәлімдеді.

Жалпы ауданда 13 жылыжай бар. Былтыр қызанақ пен қиярдан 550 тонна өнім жинаған. Биыл Шиеліде 30 246 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылы егіледі. Негізгі дақыл күріштің үлесі 12 037 гектар. Жалпы егіс көлемінің 38,8 пайызын құрап отыр. Дәнді дақылдар үлесін 2379-ға, картоп, көкөніс, бақша дақылдарын 5157 гектарға ұлғайту көзделуде. Сондай-ақ, 70 гектарға соя дақылы егілетін болады.

– Өткен жылы аудан бойынша 29 461 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын еккенбіз. Диқандар 14 353 гектардан 59,9 центнерден өнім алып, қамбаға 85 940 тонна астық жинады. Бұған қоса, 1183 гектар картоптан 29575 тонна, 1537 гектар көкөністен 46110 тонна және 2123 гектар бақша дақылдарынан 63690 тонна өнім алды. Биыл да мол өнім жинаймыз деген ниеттеміз, – деді Шиелі ауданының әкімі Қамбарбек Мүбараков.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<