Отбасылық кеңес беру кабинеті ашылды

466

0

Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ғимаратында «Отбасылық кеңес” беру кабинеті ашылып, төртжақты меморандумға қол қойылды.


Салтанатты шараға Қызылорда қалалық сотының төраға міндетін атқарушы Н.Төлеш, облысттық билер кеңесінің төрағасы З.Нұрсейітов, Қызылорда қалалық сотының судья- координаторы А.Қаршыға, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қ.Абдуллаев, қалалық жұмыспен қамту , әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысының орынбасары С.Сейдахметов, Қызылорда қаласының АХАТ бөлімінің басшысы Ш.Абдразакова, кәсіби медиатор Л.Бақтыбаева мен адвокат С.Жарекеев қатысты.


Қ.Абдуллаев “ Отбасылық кеңес” кабинетінің мақсаты – білікті мамандардың көмегімен отбасылық мәселелерді шешу жолын қарастыру арқылы жанұя бақытын сақтауға өз септігін тигізу болып табылатынын атап өтті.


Сондай-ақ отбасылық даудың түйінін шешу, оның алдын алу мақсатында мамандардың консультациялық қызметіне жүгіне алатынын жеткізді. Татуластыру бағытында сотқа дейінгі реттеудің баламалы тәсілдерін кеңірек қолдануға мүмкіндік беретінін алға тартты.


Одан әрі салтанатты лентаны Қызылорда қаласының АХАТ бөлімінің басшысы Ш.Абдразакова,облыстық билер кеңесінің төрағасы З.Нұрсейтов қиды. З.Нұрсейітов алдағы жұмысқа сәттілік тілесе, шараға қатысушылар некені сақтау, бала тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша ой-пікірлерін ортаға салып, бірлескен жұмыстарға қатысты ұсыныстарымен бөлісті.


Отбасылық кеңес беру кабинетінде тараптар бала дауына қатысты мәселелер , жанжалды соттан тыс шешудің артықшылықтары мен неке және отбасы заңнамасынан туындайтын басқа да мәселелер бойынша білікті заң көмегін ала алады.


Іс-шара соңында облыстық соттар, АХАТ бөлімінің және “ Бітім” медиаторлар қоғамдық бірлестігінің арасында өзара іс-қимыл туралы төртжақты меморандумға қол қойылды.


Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының психолог-инспекторы


Ж.Әбдраманова

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<