Қармақшылық оқушылар әкіммен кездесті

921

0

Кеше Қармақшы ауданының әкімі М. Қалдарбеков ауданымыздағы дарынды жастарды қабылдады.

Кездесуде сөз алған аудан басшысы «Жастарды кешенді дамытуға бағытталған, ұлттық деңгейдегі жобаға қатысып, өз уақытын басқаруға, салауатты өмір салтын ұстанып, шығармашылықпен  айналысып үнемі өзін – өзі дамытуға үйренген үздіктерді құттықтаймыз! Алдағы уақытта тек жақсы жетістіктеріңізбен, жоғарғы нәтижелеріңізбен қуанта беріңіздер! Мен Сіздерге аудан жұртшылығы атынан жоғары білімді азамат, білікті маман болып, болашақта ауданымыздың өркендеуіне лайықты үлес қосады деген сенімдемін»,- деді аудан әкімі Мұса Оспанұлы.

Сонымен бірге кездесу барысында аудан әкімі өлкеміздің мерейін үстем етіп жүрген дарынды жастарға ізгі лебізін жеткізіп, алғыс хаттармен марапаттап, «Елбасы» медалі мен төсбелгісін табыстады.

Атап айтқанда бүгінгі күні аудан бойынша Елбасының «Қола медалін»32жас иеленіп отыр.

Жалпы ұлттық деңгейдегі бұл бағдарлама әрбір қатысушы үшін оның тұрғылықты жеріне қарамастан білім беру, шығармашылық, мәдени, спорт және өзге де қабілеттері мен дарынын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жобадан өту барысында қатысушылар өз дағдылары мен дарындарын шыңдайды, ұлттық мәдени мұрамен танысады, денсаулығы мықты, болашағына сенімді тұлға ретінде қалыптасады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<