Қазалыдағы тұрғын үйден өрт шықты

550

0

Қазалы ауданының орталығы — Әйтеке би кентінде тұрғын үйден шыққан өрт уақытылы сөндірілді.

Өрт Нұрила ана көшесіндегі N5 б үйде 18:45 шамасында орын алған. Қазалы аудандық өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің күшімен 19:30 шамасында толығымен өшірілді. Адам шығыны жоқ. Мамандардың айтуынша өрт оқиғасы электр сымдарының тұйықталуынан орын алған.

Оқиға орнына аудан басшысының тапсырмасына сәйкес Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров барып, тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға қолдау көрсетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<