Қазақстанда «Linkedin» интернет-ресурсына қолжетімділік қалпына келтірілді

251

0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі linkedin.com интернет-ресурсының бұғатталуына байланысты туындаған жағдай бойынша «Linkedin» компаниясының ресми өкілдерімен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Linkedin» сайтының әкімшілігі өз сайттарында жарияланған материалдарда Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерінің анықталғандығы туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жолдаған хабарламаны қарастырып, Қазақстан тарапының талаптарын негізді деп танып, интернет-ресурстан заңсыз контентті алып тастады.

Осыған байланысты, қазақстандық пайдаланушылар үшін АҚДМ-мен linkedin.com интернет-ресурсына қолжетімділікті қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылданды. «Linkedin» компаниясының өкілдерімен өзара сындарлы диалог құрып, қос тараптың тиімді ынтымақтастығын одан ары жалғастыру туралы келісімдерге қол жеткізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<