Қазақстанның бір өңірі толықтай карантинге жабылады

889

0

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, оған сәйкес өңір шекараларында санитарлық бекеттер орнатылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 2021 жылдың 2 сәуірінен бастап 15 сәуіріне дейін ұзартылды.

Құжатқа сәйкес, Семей, Курчатов қалаларының, Бесқарағай, Бородулиха, Шемонаиха, Үржар, Зайсан аудандарының әкімдері, облыстың денсаулық сақтау басқармасы, облыстың мемлекеттік кірістер департаменті, облыстың полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитарлық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары өңірдің сыртқы шекараларына кіріп-шығуды бақылау үшін Алматы облысы тарапына қойылатын 3 және Қарағанды мен Павлодар облыстары аумақтарындағы 3 санитарлық бекеттің жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен қатар, «Ауыл», «Үбе», «Бақты», «Майқапшағай» автоөтпе жолдарындағы өткізу пункттерінде 4 санитарлық бекет қойылады. Ерекше жағдайларда (осы қаулыда көрсетілген санаттарды қоспағанда) жекелеген санаттағы адамдарға аудандар мен қалалардың санитариялық бекеттері арқылы шығуға және келуге рұқсат ауданның немесе қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша берілуі мүмкін;

Жоғары қауіпті аймақтан («қызыл» аймақтан) келген адамдарда санитариялық бекеттерді кесіп өткен кезде теріс нәтижесі бар, үш тәуліктен (72 сағаттан) аспайтын ПТР-анықтама болуы міндетті.

Қаулының толық мәтінімен сілтемеге өтіп, танысуға болады.  

Құжат 2021 жылдың 2 сәуірінде күшіне енеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<