Қазыналы қарттар құрметке лайық

454

0

Қала әкімдігінің мәжіліс залында қалалық ардагерлер кеңесінің ХІІІ конференциясы өтті. Конференцияға қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күлай Ермағанбетова, қалалық, мекемелер мен кәсіпорын басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде қалалық ардагерлер ұйымының пленум мүшелерін сайлау және облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті VІII конференциясына делегаттар сайлау сынды басқа да мәселелер көтерілді. Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты конференция онлайн режимінде өткізіліп, ZOOM байланысы арқылы 120 делегаттың 112-сі 13 жерде тікелей эфир арқылы қатысты.

– Бұл жиынның жөні де, жорал­ғысы да бөлек. Өйткені мұнда қазы­налы қариялардың ортақ уәжі айтылып, алдағы атқарылар шаруалары келісілді. Бұл қарттардың қайсыбірі болсын қоғамға, елге еңбегі сіңген тұлғалар. Сондықтан олардың ұр­паққа айтар кеңестерінің мазмұны зор, – дейді пленум мүшесі, «Сыр медиа» ЖШС ардагерлер ұйымының төрағасы Кенжалы Ерімбетов.

Жиын барысында ардагерлерге жасалып жатқан әлеуметтік қолдау, көрсетіліп отырған қамқорлық туралы жан-жақты айтылды. Сондай-ақ, қоғамдағы түйткілді мәселелер де қазыналы қариялардың назарынан тыс қалмады. Мәжіліс мінберіне шығып сөз алған ардагерлер – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ардагерлер ұйымының төрағасы Нұрлыбай Ұлықпанов, қалалық оқу бөлімі ардагерлер ұйымының төрағасы Мылтықбай Баймбетов, Тасбөгет кенті ардагерлер ұйымының төрағасы Рамазан Молдашев тұшымды пікірлерін білдіріп, ұрпаққа үлгі боларлық орамды ойларымен бөлісті.

Конференцияда сөз алған қалалық мәслихат хатшысы И.Құттықожаев айтылған ұсыныс-пікірлер ескеріліп, оның орындалуы өз бақылауында болатынын жеткізді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<