Қытайдағы жарылыстан бір адам қаза тауып, 22 адам жараланды

154

0

Фото: Видеодан кадр

news.cctv.com сайтының хабарлауынша, сәрсенбі күні (13 наурыз) Қытайдың Хэбэй провинциясының Яньцзяо қаласындағы мейрамханада жарылыс болып, нәтижесінде бір адам қаза тауып, 22 адам жарақат алған, деп хабарлады Қазақпарат.

Оқиға орнынан түсірілген фотолар мен бейнежазбалар жарылыс салдарынан келтірілген залалдың айтарлықтай ауыр екенін, айналасындағы көптеген ғимараттың зақымдалғанын және көліктердің қирағанын көрсетті.

Жергілікті үкімет таратқан алдын ала тергеу жарылыс жергілікті уақыт бойынша 7:54-те болғанын көрсетті. Жарылысқа мейрамханадағы газдың ағуы себеп болуы мүмкін.

Мәліметтерге сәйкес, әзірге жарылыс салдарынан бір адам қаза тауып, тағы 22 адам жарақат алған.

Ресми дереккөздер апат орнында төтенше жағдай қызметкерлері құтқару және тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқанын да атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<