Қызылордада кәмелетке толмаған баланы тонаған екі жасөспірім ұсталды

457

0

Қызылорда қалалық полиция басқармасына облыс орталығының тұрғынынан хабарлама түсті. Қаланың көпқабатты үйдің ауласында екі жасөспірім оның ұлының күртешесін, ақшасын, қол сағаты мен күміс сақинасын тартып алған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 2005 жылғы облыс орталығының екі тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Жасөспірімдер өз кінәларын мойындады. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы (Адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің қадағалауына берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<