Қызылордада өртенген пәтерден жеті адам құтқарылды

295

0


Қызылорда қаласында пәтерден шыққан өрттен жеті адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 8 сәуір күні 14.35 кезінде облыс орталығындағы «Шұғыла» шағын ауданындағы көпқабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерде болды. Өрт сөндірушілер оқиға орына дереу жетті. Өрт сөндірушілер күшімен қызыл жалын ортасынан 7 адам құтқарылды.

Төтенше жағдай салдарынан пәтер ішіндегі асхана және қонақ бөлмелері өртенді. «Тілсіз жау толығымен сөндіріліп, оған өртке қарсы қызметтен 17 қызметкер және 6 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<