Қызылордада таныстарын алдап, несие алдырған келіншек ұсталды

284

0


Қызылордада үш танысын алдап, оларға 2,5 млн теңге несие алдырған 34 жастағы азаматша қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Қызылорда қалалық полиция басқармасына облыс орталығының үш тұрғынынан арыз түсті. Олар былтыр желтоқсан айында бір әйел үш азаматшаны алдап, несие алдырған. Осылайша ол жәбірленушілерге 2,5 млн теңге көлемінде шығын келтірген. «Жәбірленушілер одан ақшасын қайтаруды талап еткен. Дегенмен ол қаржыны қайтаруға ниет танытпаған. Жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде Қызылорда қаласының 1987 жылғы тұрғыны қолға түсті.

Ол өз кінәсін толықтай мойындады. Алаяқтың өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы (бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен.



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<