Қызылордада зауыттан қымбат вольфрам құрылғыларын ұрлаған азамат сотталды

504

0

Қызылорда облысының тұрғыны сот үкімімен бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол өткен жылдың тамыз айында Қызылорда қаласындағы зауыттардың бірінен жалпы құны 3 млн 100 мың теңге  тұратын 11 дана  вольфрам  өзектерін ұрлап, оқиға болған жерден ізін суытқан.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің               188-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде анықталған күдікті сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жасаған қылмыстық әрекетін  мойындамаған. Дегенмен Қызылорда қалалық полиция басқармасының аға тергеушісі полиция  аға лейтенанты Нұржан Өмірзақтың кәсіби біліктілігі мен тағайындалған сот-сараптамаларының қорытындылары күдіктінің қылмыстық іс-әрекетін толығымен дәлелдеді.

Осылайша, қымбат вольфрам өзектерін ұрлаған күдікті заңға сәйкес жазасын алды.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<