Қызылордалық тәртіп сақшылары автокөлікті заңсыз иемденген күдіктіні қолға түсірді

441

0

Қызылордалық тәртіп сақшылары автокөлікті заңсыз иемденген күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 сәуір күні сағат 22:00 шамасында Қызылорда облысы ПД-ң Қазалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне үй ауласына қойылған “RAVON R3” маркалы автокөлігін белгісіз азаматтардың заңсыз айдап кеткендігі туралы хабарлама түсті.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде Қазалы ауданының тұрғыны ұсталды.
Орын алған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 2-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның орын алу себебі және мән-жайлары анықталуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<