Ресейде Ил-76 ұшағы апатқа ұшырады

465

0

Фото: ТАСС

Ресейдің Иваново облысында ұшу кезінде Ил-76 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырады. Бұл жайында ТАСС агенттігі РФ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Агенттік мәліметінше, ұшақ құлаған кезде өртенген. Қазір өрт толық сөндірілген. Қорғаныс министрлігі ұсынған дерекке қарағанда, бортында 8 экипаж мүшесі және 7 жолаушы болған ұшақтың бір қозғалтқышы ұшқан кезде жанған. Оның неден шыққаны әзірше белгісіз. Бортта болған адамдардың бәрі қаза тапқан.

Апаттың мән-жайын анықтау үшін Ивановоға РФ Әуе-ғарыш күштері Бас қолбасшылығының комиссиясы аттанған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<