Сайрамдықтар көмегі 30 отбасына үлестірілді

409

0

Арал ауданындағы қуаңшылық жағдайға байланысты кезекті көмек легі Түркістан облысы, Сайрам ауданынан жеткізілді.

Сайрам ауданы Ошақты ауылының жомарт тұрғындары тарапынан жеткен жоңышқа шөбінің 600 пресі аудан орталығындағы тұрмысы төмен 30 отбасыға теңдей таратылып берілді. Аудан жұрты қиын шақта көмекке жеткен Ошақты тұрғындарының аманатына алғыстарын жаудырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<