«Сары аймақ»: сақтыққа салғырт қарамайық

855

0

Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова шұғыл жиын өткізді. Оған селекторлық байланыс арқылы қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Жиында Қызылорданың коронавирус инфекциясының таралуы жөнінен «сары аймаққа» өтуі, одан шығу жолдары мәселесі сөз болды. Аталған жағдай қауіпсіздік шараларын күшейтуге түрткі болғаны рас.

Мәжілісте өңірдің әр түкпіріндегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтылды. Мысалы, Қазалы ауданында жағдай күрделене түскен. Бір балабақшаның өзінен 9 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Бүгінде ауру ошағына айналған тәрбиеленушілер тобы карантинге жабылды. Ал ғимарат залалсыздандырылып, науқастармен байланыста болғандар ПТР тестін тапсырды. Нәтижесі әзір белгісіз.

Б.Шәменова ауру адамдар көп шоғырланған орындарда кеңінен таралатынын, сондықтан халықты карантин шектеулеріне салғырт қарамауға шақырды. Өйткені әрбір тұрғынның денсаулығы мен қауіпсіздігі мемлекет үшін маңызды.

Назерке Саниязова,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<