«Таза табиғат» акциясына қатысуға шақырамыз!

106

0

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арналған Жолдауында 5 жыл ішінде елді мекендерде 15 миллионнан астам ағаш отырғызуды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы берілген болатын. Экологиялық жағдайды жақсарту алдымен қоршаған ортамыздың тазалығы және оның көркейіп, көгалдануымен тікелей байланысты. Осы ретте, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен «Таза табиғат» ұлттық жобасының тұжырымдамасы қабылданды.

«Таза табиғат» ұлттық жобасы аясында өңірімізде 21 наурыздан бастап жыл көлемінде «Таза табиғат», «Мекенім-жасыл орманым», «Су-өмір нәрі», мектеп оқушылары арасында «Бұл – менің ағашым», «Таза аула-таза табиғат», «Таза су айдындары»ағаш отырғызу, көркейту көгалдандыру, тазалық сияқты акциялар өткізілуде.Табиғатқа қайтарым ретінде мейлінше көп ағаш отырғызып, айналаны көркейту шараларын өткізу маңызды әрі сауапты іс.Қызылорда қаласы тұрғындарын өз аулаларында ағаш көшеттерін отырғызуға, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге шақырамыз!

«Таза табиғат» акциясы Қызылорда қаласында 2021 жылдың 10 сәуірде өткізіледі. Осыған байланысты тұрғындарға ағаш көшеттері таратылатын болады. Аталған шаралар өңіріміздің экологиялық жағдайының жақсаруына, көркейіп – көгалдануына, өскелең ұрпақтың экологиялық санасын дамытуға септігін тигізетін салауатты өмір салтын насихаттауды қалыптастырады.Қызылорда қаласында 2021 жылғы 10 сәуірде ағаш көшеттерін төмендегі мекен-жайда алуға болады, бір азаматқа 5 көшеттен беріледі: – Б. Шөкенов атындағы саябақ; Басталу уақыты: сағат 10-00

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз