Түркістанда да атыс болды

716

0

Әлеуметтік желіде Түркістан көшелерінің бірінде болған атыстың видеосы тарап жатыр. Видеодан үш ер адам жолды кесіп өтіп, атысып жатқанын көруге болады.


Облыстық полиция өкілдері Түркістан көшелерінің бірінде белгісіз біреулер травматикалық қарудан оқ атқанын хабарлады.


«Аталған деректі полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркеді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтады. Оларды ұстауға шаралар қабылданып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады», – деді полиция өкілдері.

Айқын.кз

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<