Заң талаптары түсіндірілді

205

0

Облыстық ішкі саясат басқармасы, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Халықаралық «Қазақ  тілі» қоғамы ҚБ облыстық филиалы, «Жас Отан» ЖҚ жанындағы «Таза тіл» ерікті жастар тобы өкілдерінен құрылған мобильді топ Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағамбетов көше­сі­нің бойында орна­ласқан кәсіп­керлік нысан­дарының көрнекі ақпарат­тарында «Қазақ­стан Республи­касын­­дағы Тіл туралы» ҚР Заңы­ның 21-бабының талаптары бұзылған нысандарға кіріп,  түсіндіру жұмыстарын жүр­гізді.

Түсіндіру барысында кәсіпкерлік нысан иелеріне Заңнан үзінділер, көрнекі ақпарат мәтіндерін жазудың және орналастырудың схе­ма-үлгілері, анықтама алу және сұрақтар бойын­ша бас­қарманың байланыс теле­фондары мен әдіс­теме­лік көмектер көр­сету үшін электронды пош­тасы және жарнама мәтін­дерінің грамматикалық, сти­листикалық жағынан дұрыс ресімделуін қамта­масыз ету мақсатында whatsapp нөмірлері жазылған таратпа материалдар берілді.

Сонымен қатар қажет болған жағдайда қызмет көрсетушілерге мемлекеттік және орыс тіл­дері бо­йынша тегін оқыту курс­тарын (онлайн, оффлайн) ұйымдастырып, жарнама мә­тіндерінің дұрыс аударылуына көмек көр­сеті­летіндігі жеткізілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар көрнекі ақпараттарында кем­­­­шілік анықталған барлық кә­сіпкерлік нысандарға жүр­­­­гізілетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<