Жалағашта жол жөнделуде

392

0

Кеше аудан әкімі Асылбек Өмірбекұлы «Қызылорда-Жалағаш» автожолының жөндеу жұмыстарымен танысты.

Қазіргі таңда 91 шақырым автожолды жөндеу жұмыстары басталып, Жалағаш кенті мен Батыс Қытай-Батыс Еуропа авто дəлізі аралығындағы 15 шақырым автожолды жөндеу жұмыстары қызу қарқынмен жүргізілуде.

Асылбек Шаменов «Қызылордажолдары» ЖШС мердігер мекемеден атқарылатын жұмыстардың сапалы болуын қадағалап, жауапкершілікпен жұмыс жасау қажеттігін айтты. 

Биыл республикалық бюджеттен 1,05 млрд теңге қаржы бөлініп, бірінші кезекте автожолдың нашар учаскелері 30 шақырым жол жөнделеді. Ал 2022 жылы автожолды жөндеу жұмыстары толық аяқталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<