Жаңақорғанда кәсіпкерлермен кездесу өтті

284

0

Осы жылдың 12 сәуір күні Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Тұрсынбаев Дархан Есалыұлы мен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментініңаса маңызды істер жөніндегі офицері Әліпбаев Ерболат Әзімжанұлы«Protecting bussines and investments» жобасы аясындаЖаңақорған ауданында бірнеше кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Кездесуге барысында кәсіпкерлердің құқығын қорғау, бизнес үдерістерді оңтайландыру және инвесторлар мен кәсіпекерлер үшін қолайлы бизнес климат жасау мақсатында Агенттіктің «Protecting bussines and investments» жобасы бойынша кәсіпкерлерге қысқаша анықтама берді.

Сонымен қатарсыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы баяндап, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар берді.

Мәжіліс соңында кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен өңіріміздегі кәсіпкерлікті дамыту үшін біріге жұмыс жасауға шақырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<