Жаңартылған сабақты жоспарлаудағы 5 cұрақ

378

0

Бүгін ынтымақтастық шеңбері аясында «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы Б.Момынбаев атындағы №278 IT мектеп-лицейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Жаңартылған сабақты жоспарлаудағы 5 cұрақ» тақырыбында workshop өткізілді.

Workshop жұмысы барысында пән мұғалімдері сабақты жоспарлаудағы басшылыққа алынатын 5 сұрақпен танысып, сұрақтарды жеке-жеке талдады. Оның ішінде бастапқы ынталандырушы материал аясында қысқа мерзімді жоспарлау алгоритмін нақтылады.

Workshop-тың қорытынды бөлігінде сындарлы диалогта сұрақ-жауап арқылы қатысушылар сұрақтарын ортаға тастап, тренерден мазмұнды жауап алды. Кері байланыста бүгінгі бас қосудағы жұмысқа бағаларын берді.

Алдағы уақытта мектеп мұғалімдеріне әдістемелік кеңес беру қызметтері, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытатын семинарлар, шебер сыныптар өткізілетін болады.

Раушан Мәрсәлі,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының тренері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<