Жапонияда бірнеше рет күшті жер сілкінісі болды: елде цунами қаупі жарияланды

232

0

Фото: pexels.com

Жапонияның орталық бөлігінде бірнеше күшті жер сілкінісі тіркелді. Елдің ұлттық метеорологиялық басқармасының мәліметінше, Исикава және Ниигата префектуралары аймағында магнитудасы 7,4-ке жететін жер сілкінісі болды. Kazinform бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазіргі кезде құрбандар мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Алайда елдің бүкіл батыс жағалауында цунами қаупі жарияланды – толқын биіктігі 5 метрге жетуі мүмкін.

Жергілікті тұрғындарды дереу жағалау аймағын тастап кетуге немесе ғимараттардың шатырына шығуға шақырып жатыр.

Сонымен бірге, осы сәтте республика бойынша күшті жер сілкінісі туралы ескерту жүйесі үшінші рет іске қосылды. Жергілікті тұрғындарды жерасты дүмпуіне дайындалуға шақырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<