Жеңімпаздарға жігер берген жүздесу

104

1

Осы жылдың 13-17 сәуір аралығында  Алматы  қаласында күрес түрлерінен өткен Азия чемпионатында жерлестеріміз Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен Азия чемпионы атанса, әйелдер күресінен Асылзат Сағымбай қола жүлде иеленген болатын. Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Айдос Сұлтанғали, Асылзат Сағымбаймен кездесіп, жеңісімен құттықтады.

– Биыл облыс спортшылары әлемдік ареналарда көптеген жоғары табыстарға қол жеткізіп, Тәуелсіз еліміздің мәртебесін ас­қақ­­татуда. Спортшылардың жеңісі Сыр жастарына жігер беріп, жаңа биіктерге жетелейді. Қазіргі коронавирус пандемиясы кезе­ңін­дегі уақытша шектеулерге қа­ра­­мастан, спорттық нысандарды салу жұмыстары атқарылуда. Бұл рет­те, «Жұмыспен қамтудың жол кар­тасы» бағдарламасы аясында 5 спорт кешені және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 5 спорт кешенінің құрылысын осы жылы бастау жоспарланған. Жыл ба­­сынан бері облыс спортшылары ел чемпионаттары мен кубоктарында 329 медальды жеңіп алса, ірі халықаралық жарыстарда 12 медальға қол жеткізді. Қазақ­стан Республикасының еңбек сіңір­ген спорт шеберлері, боксшы Қам­шыбек Қоңқабаев пен балуан Дәу­лет Ниязбеков Токио Олимпиадасына лицензия алды. Бұл – Сыр спор­­тының мерейі, – деді облыс әкімі.

Кездесуде Айдос Сұлтанғали спорттағы жетістіктерін одан әрі жетілдіріп, мұнан да жоғары бе­лестерді бағындыруға ниетті екенін айтты. Ал, Асылзат Сағымбай жастарға қолдау білдіріп, олардың сүйікті ісімен айналысуына жағдай жасаған аймақ басшылығына ризашылығын білдірді.

Спортшыларды жарысқа дайын­даған бапкер Ғабиден Райымбек өңірде спорт саласында атқарылып жатқан жұмыс жастардың жолын ашып, үлкен мақсаттарға жетелейтінін сөз етті.

– Спортшыларға еңбекпен қатар әркез қолайлы жағдай қажет. Бұл ретте облыста жақсы мүмкіндік қарастырылған. Сол үшін алғыс білдіремін. Осы демеулердің ар­қа­сында спортшыларымыз бәсеке­лерде топ жара береді деп сенемін, – деді  Греко-рим күресінен ҚР-ға еңбегі сіңірген жаттықтырушы Ғабиден Райымбек.

Кездесуде облыс әкімі Айдос Сұлтанғали мен Асылзат Сағымбайға қаржылай сертификат тапсырып, естелік суретке түсті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер:

Пікір жазыңыз