Жобаға қатысушылар көбейіп келеді

390

0

Қызылордада «Ashyq» жо­басы арқылы «сары түс» жағда­йындағы 2 адам анықталды.  Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер па­латасының сарапшысы Малика Тютебаева айтты.

Жобаға қатысып жатқан кәсіп­керлер «сары түс» жағдайындағы екі адамды «Ashyq» қосымшасы ар­қылы анықталғаннан кейін ғи­маратқа кіргізбеген. Олар тиісті ақпаратты құзырлы органдарға берген.

Бүгінде облыста «Ashyq» жобасы арқылы 26 кәсіпкерлік нысан арнайы QR код алған.  Оның ішінде 7-еуі тесттік режимнен сәтті өтіп, жұмысын толық бастап кетті. Қалған 19 нысан әзірге тесттік режимде жұмыс істеуде.

Еліміздің Бас санитарлық дә­рігерінің қаулысына сәйкес 26 сәуірден бастап Қызылорда облысы «Ashyq» жобасына енді. Жобаға фитнес-клубтар  (йога орталықтарын қоса алғанда), спа-орталықтар, сауналар, бассейндер, компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда (16 жасқа дейінгі тұлға­ларды қоспағанда), боулинг клубтары, кинотеатрлар, театрлар және филармониялар, банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі объектілерді қос­пағанда қоғамдық тамақтану объектілері, ерікті қатысушылар, облысаралық және қалааралық жүйелі месе (туристік) тасымалдар, бильярд клубтары, концерт залдар қатыса алады.

Ал 5 мамырдан бастап, караокеге, жасыл аймақтағы банкет залдарына (толтырылуы бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 шаршы метр) қатысуға болады.

«Ashyq» жобасына тіркелу кәсіпкерлерге бірқатар артықшы­лықтар береді. Мысалы, егер облыс  эпидахуал бойынша «қызыл» аймаққа енген болса, онда жобаға қатысушы кәсіпкерлер «сары» аймаққа қо­йылатын тәртіп бойынша жұ­мыс істей алады. Ал егер өңір «са­ры» аймақта болса, онда кә­сіп­керлер «жасыл» аймақтағы артықшылықтарды қолдана алады, – дейді М.Тютебаева.

Жоғарыда аталған қаулыда жоқ нысандар да жобаға тір­ке­ліп, жұмыс істеуіне мүмкіндік бар. Алайда оларға аталған ар­­тықшылықтар берілмейді. «Ashyq» жобасына қатысты сауал­дар туындаған жағдайда об­лыс­тық кәсіпкерлер палатасы­ның мамандары кеңес беріп, сүйемелдеуге әзір. Жауапты маман – палатаның сарапшысы Гүл­нұр Құрмантаева. Байланыс нө­мірлері: 8 /7242/ 40-09-81 (ішкі 4324), ‎+7 771 479 7582.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<