3 ай бойы вакцина паспортын қолдан жасап сатқан топ ұсталды

709

0

Елорданың криминалдық полиция қызметкерлері 3 ай бойы вакцина паспортын қолдан жасап сатқан 3 адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елорданың криминалдық полиция қызметкерлері қалада ПТР тест анықтамасын немесе вакцинация паспортын жасап сататын адамдарды анықтау бойынша тұрақты негізде іс-шаралар жүргізеді. Бұл жолы 38 және 40 жастағы 2 медицина қызметкері мен біреуінің 44 жастағы күйеуі ұсталды», – деп жазады Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция өкілдерінің айтуынша, күдікке ілінген медицина қызметкерлері соңғы үш ай бойы ешқандай екпе жасамай-ақ, вакцинация паспортын жасап сатып келген. Ал оның ақысын алдын ала алып отырған. Сақтық үшін жалған паспорт жасатушыларды тек таныстарының кеңесі бойынша ғана қабылдаған.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<