«Ақтөбе – Нөкіс» бағытында жаңа әуе қатынасы ашылады

548

0

«Ақтөбе – Нөкіс» бағыты бойынша жаңа әуе қатынасы ашылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Өзбекстан Республикасының көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тараптар биылғы жылдың 29 шілдесінен бастап аптасына 2 рет жиілікпен «Ақтөбе – Нөкіс» бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашуға келісті. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан арасында аптасына 32 рейс орындалады.

Кездесуде екі ел арасындағы транзиттік-көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары, атап айтқанда, жүк тасымалын ұлғайту, теміржол және автомобиль көлігін дамыту, бірлескен ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<