АШМ қарасты «Фитосанитария» ұйымының басшылығы пара алу күдігіне ілінді

724

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» ШЖҚ РМК басшылығына – К–ға қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Аталған тұлға «Фитосанитария» ШЖҚ РМК-ның 11 аумақтық филиалына жеткізілетін тауарларды қабылдау-беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін жеткізуші компаниялардың өкілінен айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін айыпталуда. Барлық ұсталған адамдар тергеумен ынтымақтастыққа келді және мойындау айғақтарын беруде», – делінген таратылған хабарламада. Күдіктінің кінәлілігі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<