Аудармаға жауапты болсақ қайтеді?

794

0

Қазір баспасөздегі аударма ісінде түсініксіз жағдай қалыптасты. Журналист, блогер дейсіз бе, барлығы да білгіш. Әйтеуір, жазып жатады, аударып жатады.

Өзіміз қадірлейтін «Егемен Қазақстанның» 2021 жылғы 7 сәуір күнгі санында «Теңге теңселіп тұр» деген мақала жарияланды. Оқисың, «үлкен газет, бірдеңе білетін шығар» дейсің. Енді сол мақаладағы сөйлемде: «… Ұлттық валютаның әлсіреуі, ең алдымен, жаңа локдаун аясында мұнайға сұраныстың қалпына келу қарқынының белгісіздігіне және дамушы нарықтардағы тәуекел-сентиментінің нашарлауына байланысты», – делініпті. Не түсіндіңіз? Осы сөйлемдерді газетке жібермес бұрын кім қараған? Жауапты кім?

Қазір біз, шындығын айту керек, орысшадан аударылған түсініксіз сөйлемдерді қайта аударатындай жағдайға жеттік. Енді оларды журналист деуге келмейді.

Жолдасбек Ақсақалов,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<