Басшылық вакцина алмаған қызметкерді жұмыстан шығара ала ма – министрлік түсіндірді

496

0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәркенов COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина алмаған адамардың жұмыстан қандай жағдайда шеттетілетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Денсаулық туралы кодексінің 77-бабы бойынша ерікті вакцинациядан бас тартқан жағдайда жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан шығаруға құқылы ма? Конституцияның 14-бабына қарамастан, вакцинадан бас тартуына байланысты жұмыс беруші қызметкердің беделін түсіруге және кемсітуге құқылы ма? Ашық диалог порталында Серік Шәпкеновтің атына осындай сұрақ түскен болатын.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық рәсім, оның ішінде вакцинация екпе алушының келісімімен ғана жүргізіледі. ҚР заңнамасында вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған», – деп жазылған министрдің жауабында.

Вдеомство басшысы сауал иесіне Қазақстан аумағына инфекциялық және паразиттік аурулардың әкелінуі және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралу қаупі төнген жағдайда денсаулық кодексінің 104-бабының 1-тармағы бойынша ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігері Еуразия экономикалық одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктілерінде шектеу шараларын, оның ішінде карантин енгізетінін ескерткен.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында кәсіпкерлік және өзге де қызметнысандары, халықтың өмір сүру қалыбы ерекше ережелерге бағындырылатыны айтылған. «Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігері тиісті қаулылар қабылдайды. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің №67 қаулысында көрсетілген ұйымдардың/объектілердің COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-мен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) қызметкерлер үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберілуіне шектеу енгізілді», – дейді Серік Шәпкенов.

Аталған қаулының 6-1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың вакцина алмаған қызметкерлері 7 күнде бір рет ПТР-тес тапсырып тұруға міндеттелген. Осыған байланысты, жұмыс беруші:

а) COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған жұмыскерге қашықтықтан жұмыс нысанына көшуді ұсынуға (мұндай мүмкіндік болған жағдайда) құқылы;

b) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес қашықтан жұмыс істеуден бас тартқан не жұмысты орындау мүмкіндігі болмаған кезде жалақысы сақталмай шеттетіледі. Бұл ретте, жұмыс беруші уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау үшін басқа қызметкерді қабылдауға құқылы болады.

c) жұмысты қашықтан орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда және қызметкер жұмысты күндізгі режимде жүзеге асыруға тілек білдірсе, қызметкер өз есебінен міндетті ПТР-тестілеуден (7 күнде 1 рет) өтуі қажет.

Сонымен бірге, тараптардың келісімі бойынша міндетті ПТР-тестілеу (7 күнде 1 рет) жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

«Осылайша, жұмыс беруші вакцинациядан бас тартуға байланысты қызметкерді жұмыстан шығаруға құқылы емес.Сонымен қатар, қызметкерлер өздерінің еңбек құқықтарын қорғау үшін жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына өтініш жасауға құқылы», – деп жазылған ресми жауапта.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз